Келер жылы Алматы қаласында бес бірдей қоғамдық кітапхана ашылады. Ғимараттар қала меншігіне өтіп, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Онда оқу залдары, балаларға арналған алаңдар және мәдени орындар болады. Қазір әкімдік қарамағында 28 кітапхана бар. Оларға белгілі қазақстандық ақын-жазушылардың есімі берілмек. Өйткені көбі нөмірмен белгіленген. Жалпы кітап рухани байлық деп жатамыз. Ал қала тұрғындары осы кітапханаларға қаншалықты жиі барады?
БЛИЦ:
— Иә, кітапханадан кітап алып, үйге барып өзіме ұнаған, қалаған кітаптарды оқимын.
— Магистрлік десертацияны қорғап жатырмын. Сол үшін кітапханаға жиі келіп тұрамын. Ішінен өзімнің композиторымның шығармаларын, аудио-кассеталарын көріп, қарап, тыңдап солай өзімнің игілігіме жаратып жатырмын десем болады.
— Иә, барып тұрамын. Білім алып, ойымды жинақтаймын деп барамын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.