Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАҚСЫ СОТТАЛДЫ
Ақтөбе соты елді өтірік емдеп жүрген бақсының жынын қағып алды. Балгер азаматтардың сеніміне кіріп, миллиондаған ақшасын алдап алып отырған. Мойындарына несие ілген.
ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ
Көп ұзамай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жаңғыртылады. Мамандар бұл саланы жасанды ақылмен басқаруды ойластырып жатыр. Ал келесі жылы электрондық денсаулық паспорты енгізіледі.
ТОБЫЛ ТАЯЗДАДЫ
Қостанай облысында Тобыл өзені таяздап барады. Табиғат жанашырлары осылай деп дабыл қағып отыр. Айталық, Алтынсарин ауылының тұсында су деңгейі 40 сантиметрге дейін түсіп кеткен.
ҚАЗАҚСТАН-ӘЗЕРБАЙЖАН БАЙЛАНЫСЫ
Әзербайжанмен алыс-беріс артады. Бүгінге дейін екі ел арасындағы тауар айналымы 340 млн доллардан асты. Қасым-Жомарт Тоқаев
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің саммитіне қатысып жатыр.
ДӘНЕКЕР КӘСІП
Темірдің жымын білдірмей жамайтын атыраулық шеберге сұраныс жоғары. Әке жолын қуып, дәнекерлеуші мамандығын дөп меңгерген келіншектің кәсібіне көпшілік тәнті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.