Педофилдерге бостандыққа шығардан алты ай бұрын кастрация жасалады

Педофилдерге бостандыққа шығардан алты ай бұрын кастрация жасалады. Денсаулық сақтау министрі кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмысын жасағандарға қатысты ережені нақтылайтын бұйрыққа қол қойды. Бұл шара тек сот шешімімен тағайындалады және жазасын өтеу орындарында немесе басқа жаза түрлерін алғандар үшін медициналық мекемелерде жүргізіледі. Бостандыққа шығуына бір жыл қалғанда, түрме әкімшілігі психиатриялық сараптама жүргізу үшін материалдарды сотқа жіберуге міндетті. Бұл сараптама қайталанатын зорлық-зомбылық қаупін анықтау мақсатында жасалмақ.

Гүлзира Тәжібаева, ДСМ департамент сарапшысы:
— Сотталушы түзету мекемесінен босатылардан 6 ай бұрын химиялық кастрация рәсімі басталады. Яғни, оған дейін 1 жыл бұрын мекеменің басшысы барлық құжаттарын сотқа жібереді. Соттың шешімі бойынша химиялық кастрация рәсімі босатылардан алдын 6 ай бұрын екпе егіп басталады.
———————————————