Шығыс Қазақстан облысындағы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдіктілер екі айға қамауға алынды. Олардың бірі — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары. Қазір аталған факт бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, алтын екі жыл бойы тиісті лицензиясыз қазылып отырған.
Ернар Тайжан, қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
— Атқарылған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатқа сот санкциясымен бұғаттау қойылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.