Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді. Кеңесте экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдар жүйелі жұмыс істеу керек деді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.