Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жеті жыл бұрын 1 млрд теңгеге салынған мектеп бос тұр. Жаңа оқу жылы басталардан 10 күн бұрын бұл ғимарат апатты деп танылған. Сондықтан оқушылар басқа білім ордаларына қатынап оқып жатыр. Бірақ оқушы таситын автобустар ескі. Әрі бір мыңға жуық балаға бас аяғы 10 қоғамдық көлік бөлінген дейді ата-аналар. Ал талап бойынша бұл іске шығарылғанына 10 жылдан аспаған автобус тартылуы керек.
Жадыра Оспанғалиева, Шетпе ауылының тұрғыны:
— Автобусқа сыю мүмкін емес, автобустың жайы деген нашар. Балалар сыймай қалды. Бірінші айналымнан сыймай қалды. Енді мына үйдің қасынан кіріп-шығып жүрген балаларымызға қиын болып тұр ана жаққа қатынау деген. Мына мектепті жөнге келтіре ме біздің талабымыз, әлде сала ма. Әйтеуір сол бір жолын қарастырсын. Оған дейін бізге автобусты жеткілікті қылу керек.
Назым Есболаева, мектеп-лицей директоры:
— Ол жерден кім түсіп жатыр, қалай түсіп жатыр, қандай суммамен түсіп жатыр біз көре алмаймыз. Бізге портал жеңімпазды протоколмен шығарып береді. 2016 жылғы деп көрсеттік. Себебі, балалардың қауіпсіздігі бірінші орында болғаннан кейін біздер көрсеттік оны, спецификацияда тұр. Біз автобустың санын көрсеткен жоқпыз. 953 баланы салдық ол жерге. Енді бұл кісі өзінің 10 автобусымен келді. Автобустар ауадай қажет бізге. Бұл кісілер уәдесін берді 10 күннің ішінде автобустарды толықтыруға.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.