Осы іс бойынша жауап алу үшін әнші, актерлер жергілікті полицей бөлімшесіне жеткізілген. Кейін медициналық сараптамадан өткізуге жіберілген. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұл операция Ыстамбұл прокуратурасы жүргізіп жатқан тексеріс аясында жүзеге асуда.
Айта кетейік, назарға іліккен тұлғалардың арасында Ирем Дериджи, Хадисэ, Демет Евгар мен Дилан Полат секілді 19 азамат бар. Өнер жұлдыздарына қатысты мұндай іс біздің елге де таңсық емес. «Mad Men» тобының мүшелері есірткі таратқаны үшін қамауға алынған еді. Қаракесек атымен белгілі әнші де есірткі құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылған болатын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.