Марқакөлде қарақұтан майқан балығын қырып жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл қорығында су құзғыны қаптап кетті. Орнитологтардың есептеуінше, қазір тек осы Марқакөл жағалауда олардың саны 3,5 мыңға жеткен. Жыртқыш қанаттылар әсіресе қызыл кітапқа енген майқан балығын қырып жатыр. Бір құзғын тәулігіне алты келі су маржанын жейді екен. Табиғат жанашырлары өз күшімен дыбыстық қорқыту құралдарын орнатып, үркітуде. Алайда ол еш нәтиже бермей отыр. Оның үстіне құзғын айналадағы жасыл желекті де жайпап барады. Сондықтан мамандар оны атуға рұқсат сұрап отыр.
Тимур Әйкенов, «Марқакөл» МТҚ директоры:
— Су құзғынды азайту бойынша бір ғана жолы бар, әрине. Мұны мемлекет тарапынан бұларды атуға рұқсат беру.
———————————————