Алматы облысында жиде ағашы мен шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы өтіп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараға орман шаруашылығы қызметкерлері мен колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысуда. Жас орманшылар бір апта бойы Бақанас, Шелек, Күрті, Нарынқол, Қарадала орманынан жиде мен шренк шыршасының 1200 келі тұқымын жинайды. Ол алдағы көктемде облыс аумағындағы тұқымбақтарға егіледі.
Гаухар Алмабек, «Жас орманшылар» үйірмесінің мүшесі:
— Жас орманшылар болып жиде тұқымын теруге келдік. Жиде тұқымын 200 келіге дейін тердік. Балқаш ауданында сексеуіл, жиде тұқымдары, жиделер өседі өте көп. Бұл экологияны тазарту және жиде тұқымдарын көбейту болып саналады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.