Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ПЕДОФИЛГЕ ЖАҢА ҮКІМ
Енді жазасын өтеп жатқан педофилдерге бостандыққа шықпай тұрып химиялық кастрация жасалады. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі осындай бұйрық шығарды.
ИПОТЕКА ӨЗГЕРЕДІ
Ипотека алу қиындауы мүмкін. Өйткені кейбір банктер несиенің бұл түрін беруді уақытша тоқтатты. Оған келесі айдан бастап мемлекеттік ставканың азайтылуы себеп.
ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІ
Құрылыс саласы толықтай цифрландырылады. Бүгін Мәжілісте Құрылыс кодексінің жаңа жобасы қаралды. Құжатта тағы қандай өзгеріс бар?
АУЫЛҒА КӨШЕДІ
Батыс Қазақстан облысында алғаш қолға алынған «Қаладан ауылға» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Екі жылда алтын діңгек – ауылға екі жүзден астам отбасы қоныс аударған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.