Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Павлодар облысы Солнечный кенті маңындағы шаруа қожалығында болған. Тағы бір адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Өрт таңғы 06:34-те басталып, жалпы 930 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар 8 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.
———————————————