Оралда екі көлік түйісіп, қалың бұқараға шоу көрсетті. Екі жүргізуші шекісіп қалған. Сөйтіп, кім күштіні көлік арқылы шешуге бел буады. Құдды бір кинодағы секілді бір-біріне килігеді. Көптің көзінше көлік шайқасын ұйымдастырған азаматтар көп ұзамай анықталды. Қазір полиция жанжалға не себеп болғанын тексеріп жатыр.
Нұржан Қуанғали, БҚО ПД ресми өкілі:
— Оқиғаға қатысқан барлық азамат жедел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.