Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды. Бұл жөнінде Президенттің көмекшісі, әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм парақшасында хабарлады.
Руслан Желдібай, ҚР Президентінің көмекшісі, баспасөз хатшысы:
— Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.