Сенат біздің мамандарды жұмыспен қамту жөніндегі келісімді ратификациялады. Бұл құжат ресми еңбекке орналастыру үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Қатардағы жұмыс берушілер қазақстандық қызметкерлердің жолақысын төлеп, тұрғын үй, көлік, медициналық қызмет және ақылы демалыспен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ келісім аясында біртұтас еңбек шарты енгізіледі. Барлық мәселелерді үйлестіру мен шешу үшін бірлескен комитет құру көзделген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
— Катар мемлекетінде жұмыс істейтін жерлестеріміздің жол мен баспана шығындары шақырушы тарап есебінен өтелетін болады. Сондай-ақ еңбек демалысы мен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету жұмыс берушіге жүктеліп отыр. Жалпы, заң Катар мемлекетінде жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқықтарын толық қамтамасыз етуге өз үлесін қосады деп сенеміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.