Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа тәсілмен саналады

Келесі жылы азаматтық-мемлекеттік қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 99 теңгеге дейін өседі. Қазір оның мөлшері — 85 мың. Бүгін сенаторлар дамушы мемлекеттердің жағдайын ескере отырып, минималды айлықты реттеу туралы конвенцияны ратификациялады. Құжатқа сәйкес, жалақы жұмысшы мен оның отбасының нақты қажеттіліктеріне негізделеді. Сондай-ақ заңмен қорғалып, еңбекақының төмендеуіне жол берілмейді. Мақсат — ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту.
———————————————