Қарағандыда ойын алаңындағы темір әткеншек 12 жасар балаға құлаған

Бұғанасы сынған оған дәрігерлер шұғыл ота жасаған. 12 жасар Оралбай әткеншекте өзге баланы тербетіп тұрған. Кенеттен құрылғы бір жағына құлап, оған зақым келтірген. Ауруханада сынған бұғананы темір пластик арқылы бекітіп, қолын гипстеп қойған. Оны шешкеннен кейін 8 ай бойы бейімделуден өтеді. Содан соң қайтадан ота жасалады. Баланың анасы полицияға арыз жазған. Сонымен қатар сот арқылы моральдық өтемақы да өндіріп алу ниетте. Аудандық әкімдікте ойын алаңдары кепілдік мерзіміне қарай жөндеуден өтетіндігін айтады. Ал баланың үстіне құлаған әткеншектің мерзімі әлі өтпеген екен.

Лариса Райым, анасы:
— Егер әткеншек сәл әріректе болғанда, баламның басына құлаған болар еді. Мүмкін мүгедек болып қалар ма еді. Тіптен, одан да қиын жағдайға душар болар ма едік. Сондықтан ойын алаңдарын салушылар жауапкершілікпен қарасы деймін.
Қуаныш Базарбаев, Ә.Бөкейхан атындағы аудандық әкімдіктің бас маманы:
— Ойын алаңындағы әр қондырғы баланың жасына, салмағына есептелген. Олардың денсаулықтарын сақтау және бақытсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында, ата-аналардан өз балаларын қадағалауды, жасөпірімдер өздерін көшеде қалай ұстау керектігінің қарапайым қағидаттарын үйретсе деймін.
———————————————