Еліміздегі санитарлық авиация көліктері қауіпсіздік талаптарына сай емес

Елімізде медициналық авиация қызметінде қолданылып жүрген кейбір әуе кемелері қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Көлік министріне депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, кейбір ұшақтардың қолданысқа берілгеніне 40-50 жылдан асқан. Олардың қозғалтқыштары мен қосалқы бөлшектерінің өндірісі бұрыннан тоқтатылған. Ал мұндай ұшақтарды Еуропалық Одақ 2002 жылдан бері пайдалануға тыйым салған.

Темір Қырықбаев, Мәжіліс депутаты:

— Елімізде қауіпсіздік стандарттарына сай келмейтін Е 40 әуе кемелерінің санитарлық авиацияда науқастарды тасымалдап жүр. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Қазақстан республикасының әуе кемесін пайдалану жаңа авиация туралы заңының 4 бабына сәйкес, негізгі мақсаттар адам өміріне денсаулығына, қоршаған ортаны мемлекеттік мүдделерін қорғау және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болып табылады.
Бұл мәселеден Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы хабардар. Мамандардың айтуынша, АН-2 мен ЯК-40 секілді әуе кемелері әлі де науқастарды тасымалдауда қолданылады. Себебі, ескіргеніне қарамастан, бұл ұшақтар ауа райының қолайсыздығына төтеп бере алады әрі кез келген өңірге қона алатын мүмкіндігі бар.

Асхат Сапаров, ҰШМҮ орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
— Шалғайдағы ауылдық жерлерде тікұшақ қонатын аэродром жоқ. Сондықтан тегістелген алқаптарға кез келген ұшақтар әлі қолданыста келе жатыр. Оның ескіргенін білеміз.
Дегенмен уақыт талабына сай, мұндай әуе кемелерін жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Алдағы жылдары медициналық авиацияны заманауи техникамен жабдықтау жоспарға енгізілген.
Инара Барсақбаева, тілші:
— Келер жылдан бастап елімізде медициналық авиация саласын жаңғырту жұмыстары кезең кезеңімен жүзеге аспақ. Ескірген АН-2 мен ЯК-40 ұшақтары біртіндеп қолданыстан шығарылып, олардың орнына жаңа заманауи әуе кемелерімен алмастыру жоспарланып отыр. Жаңарту жұмыстары жеті жылдық жоспар аясында жүргізіледі. Бұл бағытта Ұлттық шұғыл медицинаны ұйымдастыру орталығы тиісті компаниялармен серіктестік орнатқан.

Асхат Сапаровтың айтуынша, бұл санитарлық авиацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін жаңа деңгейге көтермек. Сол сияқты, медицианлық авиациядағы дәрігерлер мен фельдшерлер алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы даярлықтан өтіп жатыр. Соңында оларға халықаралық талаптарға сай сертификат беріледі.
———————————————