Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӨРТ ЖАЛМАДЫ
Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Солнечный кенті маңындағы шаруа қожалығында болған. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
КӨЛІК ШАЙҚАСЫ
Оралда екі көлік түйісті. Бірақ бұл әдейі жасалған шоу емес. Жүргізушілер шекісіп қалып, кім күштіні көлік арқылы шешпек болған.
ҚАУІПТІ ТАҒАМ
Балалар арысында денсаулыққа зиянды тағамды тұтыну тыйылмай тұр. Бұны қалай азайтамыз және тежеудің қандай тәсілі бар? Мәжілісмендер мәселені шешудің тиімді жолын ұсынды.
ЕСКІ АВИАЦИЯ
Әуе кемесі паркі қашан жаңартылады? Елдегі науқас таситын санитарлық авиация көліктері қауіпсіздік талабына сай емес. Көбінің қолданысқа берілгеніне 40 жылдан асқан.
ӨЗЕНДІ ЛАСТАДЫ
Алматы облысының прокурорлары жеке кәсіпкерді Тереңқара өзені аңғарын тазалауға мәжбүрледі. Оқиға Іле ауданына қарасты, Ащыбұлақ ауылы азаматтарының шағымынан кейін болған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.