Теміртауда зейнеткерді ұрып-соғып, қорлық көрсеткен жасөспірімдерге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Қылмыстық іс «тонау» бабы бойынша қаралуда. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктілер қарияның үйіне үш рет кірген. Олардың дені – 9-сынып оқушылары. Арасында 33-жастағы айыпталушы да бар.
Асыл Тәліпов, прокурор:
— Олар қылмыстық рөлдерді өзара бөліскен. Мәселен, Ковальчук пен Филимонов пәтерде құнды заттарды іздеумен айналысты. Ал Станков, Манеев және Вангетнер айналаны бақылап, ішке бөтен адамдарды жақындаптаған. Осылайша олар жәбірленушіге бірнеше мәрте қол жұмсаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.