Жанжал елордадағы мектептің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бір бала қызды қорғамақ болады. Бірақ оның арты төбелеске ұласып кеткен. Бірнеше бала әлгі оқушыға жабылып, соққы астына алған. Әйел адамның «тоқтатыңдар» деген айқайы болмаса, жағдайдың немен аяқталары белгісіз еді. Бәрі бірден жан-жаққа қаша жөнелген. Полиция төбелеске қатысқандарды түгел анықтады.
Эльмира Шәуленова, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
— Кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамдық орында бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Астана қаласы Полиция департаменті ата-аналарды балалардың мінез-құлқы мен бос уақытын қадағалауға ерекше назар аударуға шақырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.