Қарағанды облысында шаруа 17 жылқыны атып тастады деген күдікке ілінді. Жеке жайылымынан малды қуып шыға алмай әбден ашуға мінген шаруашылық иесі мылтығына жармасқан.Сөйтіп, Қамбар Ата түлігін шетінен қырып салған. Куәгерлердің айтуынша, жылқы жан жаққа бытырай қашқанымен, атылған оқтан құтылмапты. Жараланған 17 жылқының үшеуі ғана тірі қалып, 14-і арам қатқан. Өлекселер алқапта шашылып қала берген. Оқиғадан кейін полиция күдіктінің көлігінен оқ-дәрілер тапқан, бірақ мылтық болмаған. Қазір полиция алдын ала тергеу жұмыстарын бастады.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД ресми өкілі:
– Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері 53 жастағы Нұра ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.