Шымкентте шағын бір үйде 20-дан астам адамның тіркелгені анықталды

Жалпы, осындай 8 үйде 360 азамат заңсыз есепке тұрған. Бұл үйлердің үшеуі — жатақхана, қалғандары — көпқабатты үйдегі пәтерлер. Заңсыз тіркелгендер есептен шығарылып, пәтер иелеріне айыппұл салынды. Әкімдік өкілдері мұндай жағдайға білім беру саласында енгізілген жаңа өзгерістер себеп болғанын айтады. Қазір қағаз жүзіндегі тұрғындарды анықтау жалғастырып жатыр.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
— Түркістан облысында тұратын адамдар келіп, бір пәтерге көптеп тіркелген. Ол пәтердің көлемі – 40-50 шаршы метр. Ол жерде 20-дан астам адам тіркелген. Ол мүмкін емес жағдай ғой. Бұған да біз тұрғындардың назарын аударғымыз келеді. Бұның да заңмен қарастырылатынын ескерткіміз келеді.
———————————————