Енді электронды үкімет жүйесіне электронды цифрлық қолтаңба арқылы кірген соң, жеке тұлғаны растау үшін 1414 нөмірінен келген SMS-кодты енгізу қажет. Жаңа ереже осы айдан бастап күшіне енді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының хабарлауынша, eOtinish сервисі мен «Ашық үкімет» платформасында да осындай өзгеріс енгізілген. Сондай-ақ енді порталда авторизациядан өту үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеуге болады. Егер 1414-тен SMS келмесе, мобильді нөмірді жеке кабинетке тіркеу қажет. Мамандар электронды цифрлық қолтаңба кілтін басқа адамға беруге қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Берген жағдайда айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға 196 мың теңге, ал ірі бизнес субъектілеріне 786 мың теңге төлеуге тура келеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.