Елімізде ресми тіркеуден өтпеген смартфондар өшіріле бастады

Заңсыз сатылған смартфон айналымнан алынады. Елімізде ресми тіркелмеген ұялы телефондар бұғатталып жатыр. IMEI-коды жалған немесе қате енгізілген құрылығылар байланыстан ажыратылады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, олар үш санатқа бөлінген. Ақ тізімге ресми тіркеуден өткен, заңды түрде қолданылып жүрген құрылғылар кіреді. Ал статусы белгісіз смартфондар сұр тізімде. Бүгінге дейін бұл санатқа 880 мың IMEI-код енген. Ал қара тізімге енген телефон біржола өшіріледі. Бүгінге дейін осындай 127 682 IMEI-код бұғатталды.
———————————————