Жамбылдық археологтар екінші ғасырға тиесілі көне жәдігерлерді тапты

Байзақ ауданындағы Жайлаутөбе қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде ғалымдар осындай олжаға тап болды. Мыңнан астам керамика сынығы, сүйектен жасалған жебе ұштары, диірмен тастары мен есік ілмектері табылған. Археологиялық барлау кезінде 200-ден астам қорған анықталып, қазба жұмыстары барысында бекініс қабырғасы табылған. Оның ені — 4, биіктігі — 5 метр.
Қуаныш Арынов, археологиялық институттың жетекші ғылыми қызметкері:
— Сүйектен, керамика сынықтарынан сараптамаға жібереміз. Оларды ең төменгі қабаттан аламыз. Қамалды біз нақтыладық, негізгі құрылыс қорғану мақсатында, жауынгерлер отыратын бөлмелер арнайы ортасында, сол 5 метрдің ішінде шағын 2-3 бөлме ашылып жатыр.
———————————————