Астанада жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды | 10.10.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ОҚУШЫЛАР ТӨБЕЛЕСТІ
Астанадағы мектептердің бірінің жанында оқушылар төбелесті. Олардың жұдырықтасқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір оқиғаны полиция тексеріп жатыр.

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАУЫ
Қарағандыда жергілікті шаруа бір үйір жылқыны қырып тастады. Оқ тиген жануарлардың өлексесін куәгерлер бейнежазбаға түсіріп алған. Енді өтемақы талап етіп отыр

ТАБИҒИ АПАТ
Әлемде табиғи апат жиіледі. Румынияда тасқын кесірінен төтенше жағдай жарияланды, Қытайдың Наньнин провинциясында тұрғын үйлер қирап жатыр. Жапонияны тайфун титықтатты.

АРХИТЕКТОРЛАР АЙҚАСЫ
Елордаға Орталық Азияның ең үздік сәулетшілері жиналды. Олар халықаралық сәулет фестивалінде шеберлік сынасып, озық жобаларын ортаға салмақ.

ТЕЛЕФОНЫҢЫЗДЫ ТІРКЕҢІЗ!
Елімізде ресми тіркеуден өтпеген смартфондар өшіріле бастады. Бүгінге дейін 130 мыңға жуық IMEI-код бұғатталған. Ал сіз телефоныңызды тіркедіңіз бе?
———————————————