Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді бөтен адамдар иемденген

Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді өз меншігінде баспанасы бар азаматтар иеленгені анықталды. 2019 жылы қала жастарына сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлер берілген еді. Олар бұл баспананы 5 жыл жалдап тұруы керек. Алайда өз үйі бар азаматтар бұл бағдарламаны пайдаланған. Нақтырақ айтқанда, жастар 451 пәтерді заңсыз иемденген. Кейбірі тіпті пәтерлерді басқа адамға жалға беріп, өзі пайда тауып отырған. «Енді тексеру қорытындысы бойынша 451 пәтердің барлығы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылады. Ал пәтерді босатпай отырғандар сот арқылы шығарылады», — дейді әкімдік өкілдері.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Тұрғын үй басқармасына бұл бойынша ескерту берілді. Назарға алынды. 439 пәтерді бағдарламаның шартын бұзғаны үшін босату бойынша сот органдарына талап-арыздар түсірілді. Оның екеуі бүгінгі таңда қанағаттандырылды.
———————————————