9 айда бір тоннадан астам есірткі тәркіленген

ІІМ-де өткен қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналған Үкімет сағатында полициянң есірткімен күресті күшейткені айтылды. Мәселен, 9 айда бір тоннадан астам есірткі тәркіленген. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 3 есе көп. Сондай-ақ 16 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, 12 есірткі зертханасының көзі жойылды. Ел бойынша есірткіні жасырын таратумен айналысқан 61 жасөспірім ұсталды. Оның 40-ы –колледж студенті, 10-ы – мектеп оқушысы.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ІІМ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
— Осыдан 5 жыл бұрын жыл қорытындысы бойынша 100 кг ғана есірткі тәркіленсе, биыл 9 айдың ішінде 1 тонна 140 кг тек синтетикалық есіркінің түрлері тәркіленді. Жалпы елімізде 26 тонна есіркі түрлері тәркіленді.
———————————————