Елімізде алғаш рет қала әкімінің сайлауы өтті. Семей қаласында өткен саяси науқанда халық тікелей дауыс берді. Таңғы жетіден барлық 129 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Шаһарда жалпы сайлаушы саны 220 мыңнан асады. Саяси додада бастапқыда 4 кандидат тіркелген, алайда біреуі кейін өз еркімен бас тартқан.Таңдау жасаушыларға барлық жағдай жасалды. Қала тұрғындары үшін қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.