Елімізде жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды. Барлығына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Өңірлер бойынша: Павлодар облысына – 2 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысына – мың жарым, Қостанай облысына 600-ге жуық адам қоныс аударған. Ал қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей мен Түрікменстаннан келген. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде еңбекке қабілетті жастағы 2 307 адамның ішінен тұрақты жұмыс орындарына 1 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылған. 38-і кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Жалпы, жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарланып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.