Ақордада Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерін қабылдады. Кездесуде Президент Қазақстан мен Швейцария арасындағы көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалап, бұл елдің Еуропадағы сенімді серіктес екенін атап өтті. Тараптар сауда-инвестициялық байланысты нығайту мен халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты талқылады.
———————————————