Атырау облысы елімізде алғаш болып мектептерге жасанды интеллектіні енгізді. «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: озық деңгейдегі форум» атты интенсивке 1700-ден астам мұғалім қатысты. Олар ChatGPT, Мид Джөрни, Джэминай секілді жүйелермен және оқытуға арналған заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеуді үйренді. Мұндағы мақсат – Президенттің цифрландыру және Жасанды инттелектіні орта білім беру жүйесіне енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау. Яғни мұғалімдердің цифрлық және әдістемелік құзыретін арттыру, оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеру. Сол арқылы оқушылардың жасанды интеллект сауаттылығын дамыту. Айта кетейік, мұғалімдер алдағы 40 күн бойы онлайн форматта білімін жетілдіреді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.