Алматы облысында 70 мың адамның қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қала, аудан тұрғындары мен кәсіпорын жұмысшылары және ерікті жастар бұл жолы 1250 гектарға жуық аумақты қоқыстан тазартты. Іс-шара қорытындысы бойынша 800 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, қоқыс полигонына шығарылды. Бұл жұмыстарға 100-ден астам техника жұмылдырылды. Сонымен қатар акцияға қатысушылар 7 мың көшет екті. Өңірде биыл 200-ден астам осындай кең ауқымды сенбілік өткен. Оған 600 мыңнан аса адам қатысты. Алматы облысында жыл басынан бері 9 мың тонна қоқыс жиналып, 80 мың түп ағаш көшеті егілген.
ДИМАШ ҚОЖАБЕКОВ, АБАТТАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
— «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаштарды отырғызу маңызды. Өйткені бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыру керек ел азаматтарының арасында және білесіздер мемлекет басшысының қойған мақсаты бар жаңағы 2 млрд ағаш пен 15 млн ағашты мынау елді мекендерде отырғызу бойынша. Сол бойынша үлкен Алматы облысында жұмыс жүргізіліп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.