Шебердің қолы ортақ, рекорды да ортақ. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында 17 қолөнерші 500 шапанды қолмен тігіп шықты. Жай шапан емес, Жаңаарқа үлгісінде тігілді. Ұлттық нақыш та бар, аймақтың өзіндік мәдени үлгісі де сақталған. Заманауи дизайн енгізілген. «Әр шапан бір шежіре», — дейді олар. Тігіншінің әрқайсысы орташа есеппен 33 шапан тіккен. Осылайша Жаңаарқалықтар Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде енді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.