Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен жаңа көпір салынады

Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен жаңа көпір салынады. Қазіргісі өткен ғасырдың 70 жылдары пайдалануға берілгендіктен, әбден ескірген. Сондықтан жергілікті билік өкілдері көлік логистика жүйесін жаңартуды жоспарлап отыр. Жоба құны шамамен115 миллиард теңгені құрайды. Ал мұнша қаражатты қала қазынасы көтермейді. Сондықтан Қытайлық инвестор қаржы құймақ. Ол үшін арнайы келісімге қол қойылды. Айта кетейік, өткелдің жалпы ұзындығы 800 метрден асады. Әрі ол алты жолақты болады. Осы арқылы болашақта Алматымен Семей бағытына шығатын айналма жол қарастырылған.
НҰРБЕК ТҰРАРОВ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бюджетке түсетін салмақты азайту үшін Қытай компаниясымен меморандумға қол қойылды. Біз өз тарапымыздан жобаны әзірледік және мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету үшін Үкіметпен келессөздер жүргіземіз.
———————————————