Қазақстанда ішімдік өнімдерін онлайн сатуға тыйым салынбақ | 13.10.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ГАЗДАН УЛАНДЫ
Ақтөбеде үш адам газдан уланып, көз жұмды. Оның бірі жергілікті футбол клубының 15 жасар ойыншысы болып шықты. Тергеу басталды.

ЖАСТАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖАРМАСТЫ
Жастарға арналған баспананы бөтен адамдар иемденген. Шымкентте бірнеше үйі бар тұрғындар жалға беретін үйге кіріп алған. Енді осы заңсыздыққа жол бергендер жазаға тартылады.

ІШІМДІККЕ ТЫЙЫМ
Ішімдікке тыйым. ІІМ өкілдері ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеуді ұсынды. Ал супермаркет пен дүкенде өнімнің бұл түрін сатуға мүлдем тыйым салу қажет деп санайды.

АЛЫП КӨПІР
Өскеменде Ертіс өзенінінің үстінен өтетін 800 метрлік жаңа көпір салынады. Шетелдік инвестор қаржы бөлді. Жоба құны – 115 млрд теңге.

500 ШАПАН
Ұлт ұясы Ұлытауда Қазақстан рекорды орнатылды. Жаңаарқа ауданында шеберлер 500 шапан тігіп, ерекше үлгі көрсетті. Өңірдегі 17 тігіншінің өнері көпшілікті сүйсінтті.
———————————————