Мексикадағы тасқын судан 200 мыңнан астам адам зардап шекті

Мексикадан тараған бұл бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін тебірентті. Тасқын суға батып кетпеу үшін жанталасқан ит қақпаға жармасып, жан сақтауға тырысқан. Табиғи апаттан 200 мыңнан астам адам зардап шекті. 47 адам қаза тапты, тағы 38-і із-түзсіз кеткен. Айта кетейік, суда қалған ит жарты сағаттан кейін құтқарылды.
———————————————