Елімізде мәжбүрлеп неке қиюға қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалды

Елімізде мәжбүрлеп неке қиюға қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалды. Мұндай іс Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында тіркелген. Екі жағдайда да зардап шеккендер кәмелетке толмаған. Бұл жайт бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске енгізілген 125-1-бап бойынша, яғни әйелді алып қашу немесе зорлықпен үйленуге мәжбүрлеу қылмысқа жатқызылады. Сонымен қатар сталкинг, яғни зорлықсыз қудалауға қатысты жаңа заң күшіне енді. Осы бап бойынша Атырау және Павлодар облысында алғашқы екі қылмыстық іс тіркеліп үлгерді. Заңға сәйкес, сталкинг жасағандарға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзету немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 50 күнге дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
САЯН ӘБДЕНОВ, БАС ПРОКУРОРДЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Егер әйел адам ұрланып, күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрленсе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
———————————————