Миллиондап сыйақы алған: білім беру саласындағы заңбұзушылықты жасанды интеллект анықтады

Білім беру қызметкерлері өздеріне миллиондап ақшалай сыйақы жазып отырған. Ағарту ісі саласындағы бірқатар заңбұзушылықты жасанды интеллект анықтады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне 65 миллион теңгеге дейін жалақы және 10 миллион теңгеден артық сыйақы аударылған. Жалпы жасанды интеллект көмегімен былтырдан бері 307 миллиард теңгеге күмәнді төлемдер анықталса, оның 132 милиарды биыл ғана тіркелген.
МӘДИ ТӘКИЕВ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
— Бір шот немесе жеке сәйкестендіру нөміріне көрсеткендей әртүрлі адамның аты-жөнімен айына 66 төлемге дейін жасалған. Сонымен қатар мониторингтік жүйесі кеңейіп келеді. Бұл тек білім беру саласына ғана емес, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет, бюджет шығыстарын мақсатына сай пайдалану үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтемін.
———————————————