Жұмысқа тұру үшін мектеп дәлізіне тұз сепкен әйел заңмен жазаланды

Жамбыл облысында мектеп дәлізіне және директор кабинетінің алдына тұз сеуіп кеткен әйел заңмен жазаланды. Ол мұғалім болып осы мекемеге жұмысқа орналаса алмаса керек. Тұз себу «рәсімі» арқылы мәселесі тезірек шешіледі деп сенген. Сотта әйел жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындаған және қатаң жаза қолданбауды сұраған. Аталған азаматшаға «ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша» қозғалған әкімшілік істі қараған сот айыппұл түрінде шешім шығарған.
БАБЫРХАН ӘБУЕВ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-2 бабының 1-ші бөлігімен 27 мың теңгеден асатын айыппұл түріндегі жазасы тағайындалды.
———————————————