Өскеменде құтқарушылар өрт сөндіру жабдығын сынап көрді

Өскеменде құтқарушылар жаңа өрт сөндіру автосатысы мен арнайы жабдықты іс жүзінде сынап көрді. Бұл – 10-12-қабаттан адамды эвакуациялауға мүмкіндік беретін жаңа манипуляторлардың алғашқы сынағы. Техника мен заманауи киім үлгілері шынайы оқиғаға ұқсас жағдайда тексерілді. Өрт сөндірушілер түтінге толы пәтерден зардап шеккендерді шығарды және оларды отқа төзімді, оттегі берілетін арнайы бас киімдермен қамтамасыз етті. Оқу-жаттығуға медицина және апат орталығының бригадалары мен Starlink жүйесі орнатылған жылжымалы байланыс станциясы қатысты. Жыл басынан бері өңірлік төтенше жағдай департаменті 70-тен астам жаңа өрт сөндіру техникасымен толығып, олар сұраныс жоғары аудандарға жіберіліп жатыр.
МАРИНА ЛИСКОВА, ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Бүгін біз жаңа техникалардың қаншалықты жетілгенін көрсеттік. Жаңа автосаты мен көтергіштер таныстырылды. Сондай-ақ өртті сөндіруге арналған жаңа импульстік қондырғы мен «Хайлюкс» көлігінің оқиға орнында тез бұрылып, бейнежазба тарата алатыны көрсетілді.
———————————————