1 ЖСН – 1 билет: «Қайрат» – «Пафос» ойынында билет дауы болмайды

«Қайрат» – «Пафос» матчында билетке қатысты дау-дамай болмайды. «Реалға» қарсы тарихи кездесуден сабақ алған билет агрегаторлары жүйені түбегейлі жаңартқан. Енді әр билет жеке тұлғаның атына рәсімделеді, биометриялық деректермен байланыстырылып, тек Freedom SuperApp немесе Kairat SuperApp арқылы сатылады. Яғни 1 ЖСН – бір билет қағидасы енгізілді. Бұл алаяқтықтың алдын алып, жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе биоидентификациямен қатар, қосымшаның архитектурасын да жетілдіріп, сервердің жүктемесіне төтеп береді.
———————————————