Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТІС ЕМДЕУШІЛЕР ДАУЫ
Зейнетақы дауы. Атырауда стоматологиялық клиникалар жабылып, мүлкі тәркіленіп жатыр. Себебін атамыз.
ҚЫРАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТ
10 миллион теңге сыйақы жазған мемлекеттік қызметшінің әрекетін жасанды интеллект әшкереледі. Артық бонусты чат-бот көріп қойған.
ДӘЛІЗГЕ ТҰЗ СЕПТІ
Ырымшыл әйел. Жамбыл облысында мектепке орналасуға септігі тие ме деген оймен директордың кабинетінің алдына тұз сепкен келіншекке сот айыппұл салды.
ӘСКЕР ӘЛЕУЕТІ
Әскер әлеуеті мен армия айбыны қандай? «Жетінші арна» тілшілері Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданындағы горнизонға арнайы барып, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты.
ЖАҢА МАТЧ
Жеті күннен соң алматылық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» тартысы басталады. Алматының Орталық стадионында өтетін аяқдоп аламанына билет қалды ма?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.