Ақтөбе – Орск тасжолындағы жанармай бекетінде газ жабдығы орнатылған көлік өртеніп кетті

Ақтөбе – Орск тасжолындағы жанар-жағармай құю бекетінде газ жабдығы орнатылған жеңіл көлік өртеніп кетті. Абырой болғанда, құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, жалынды жылдам ауыздықтады. Себебі өрт маңында газ цистернасы болған.
———————————————