Алматы облысында көлік айдаған 13 жасар жасөспірім екі адамды мерт қылды

Алматы облысы Жалпақсай ауылында 13 жасар жасөспірім көлік айдап, 2 адамды мерт қылды. 34 жастағы Lada жүргізушісі мен жанындағы жолаушысы тіл тартпастан кетті. Ал оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция қылмыстық іс қозғады, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
———————————————