Заңсыз криптобиржалармен күрес күшейді

Заңсыз криптобиржалармен күрес күшейді. Қаржы мониторингі агенттігі интернет-алаяқтар мен есірткі саудагерлерінің кірістерін жылыстату үшін пайдаланылған 130 криптоалаңды жапты. Ал тергеу барысында 16,7 миллион цифрлық долларға тыйым салынды. Тергеу мәліметінше, қылмыскерлер заңсыз табысты банк шоттары мен криптоәмиян арқылы айналдырып, күрделі қаржылық транзакциялар тізбегімен ақшаның шығу көзін жасырып келген. Мұндай операцияда дропперлердің карталары жиі пайдаланылған. Заңсыз айырбастау платформалары қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, шетелге шығару арқылы «көлеңкелі банк» рөлін атқарған. Агенттік азаматтарға цифрлық активтермен жұмыс істегенде тек лицензияланған және ресми тіркелген провайдерді пайдалануға кеңес береді.
———————————————