Шымкентте ер адам досымен бәстесем деп, 26 қаламсапты бүтіндей жұтып қойған. Алайда бәстің соңы, денсаулыққа зиян туғызды. 38 жастағы ер адам бәстің шартын орындау үшін қаламды бірінен соң бірін жұтқан. Оның мұндай әрекеті көп ұзамай оның өміріне қауіп төндірді. Өзін жайсыз сезініп, асқазан-ішек жолдары қатты ауырған тұрғын дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған 2 сағат бойы ота жасап, аcқазанындағы бөгде заттарды алып шықты.
МҰХАМЕДӘЛИ ТӨЛЕГЕНОВ, ЭНДОСКОПИСТ-ДӘРІГЕР:
— Науқас асқазан-ішек жолдарында бөгде заттардың болуына шағымданып келді. Оған эндоскопиялық ота жасалып, тіліксіз бөгде заттар алынып тасталды. Қазіргі жағдайда науқас хирургия бөліміне жатқызылып, жағдайы бір қалыпты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.