Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президенті Витольд Баньканы қабылдады. Ол спорттағы допингпен күрестің маңызды екенін атап өтті. Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA (Уэй-Ди-Эй) арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Қазақстанда Орталық Азиядағы жалғыз допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Ол өңірлік ұйымның қызметін қолдайды. Мейман Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап, серіктестік деңгейінің жақсы екенін айтты. Кездесу соңында Тоқаев Витольд Баньканы Қазақстан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
———————————————