Елордада халықаралық сарапшылар форумы басталды

Бүгін елордада сарапшылар форумы өз жұмысын бастады. Әлемнің 20 елінен келген шетелдік сарапшылар «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалыптастыру» тақырыбын жан-жақты талқыламақ.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Форумның басты мақсат – зерттеушілер,сарапшылар, халықаралық ұйымдар, Үкімет және іскер орта өкілдері арасындағы ашық диалогты дамыту. Форум шеңберінде әлемдегі тұрақтылық пен сенімді арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қатынастағы серіктестік пен жауапкершілікке негізделген ұсынымдар әзірленеді.
Шараға әлемнің 20 елінен 40-қа жуық шетелдік сарапшы, жетекші «ақыл ой орталықтарының» басшылары мен зерттеушілер, халықаралық және академиялық сарапшылар қатысып жатыр. Олар әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың негізгі бағыттарын талқылайды.

ЧАРЛЬЗ МАКЛИН, BORDERLESS CONSULTING GROUP ҚАЛАУШЫСЫ:
— Панельдік сессияда орта державалардың халықаралық қоғамдастықтағы рөлі талқыланады. Мысалы, неге орта державалар ірі державалар арасындағы келіспеушіліктерді тиімді шешу үшін дипломатиялық көпір рөлін атқаруда көбірек жауапкершілік алуы керек деген сұрақ қаралады.

Сонымен қатар форумда жаһандық нарықтың бөлшектелуі жағдайындағы инвестициялар, Еуразия сауда және көлік дәліздерін дамыту, жасанды интеллект мәселесі де қаралады.

Форумда цифрлық ғылыми білім платформасының тұсауы кесіледі. Бұл – платформа ғылыми жарияланымның, сараптамалық баяндаманың және бірлескен жобаның жиынтығы. Ал шараның екінші күнінде сарапшылар экономика тақырыбын қаузайды.
———————————————