Астанадағы пәтер бағасы 20,5% өскен

Астанадағы тұрғын үй ресми статистикадан да жоғары қарқынмен қымбаттап жатыр. Applied Economics Research Centre (AERC) мен Krisha.kz деректері бойынша, 2025 жылдың қыркүйегінде елордадағы жаңа пәтерлердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 20,5% өскен. Қазір шаршы метрдің орташа құны – 514 762 теңге. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Алматы мен Шымкентте де өсім байқалады — бір айдың ішінде баға 3,9 және 5,9% артқан. Осылайша, оңтүстік мегаполистердегі тұрғын үй құны қайтадан өсе бастады. Сарапшылар бағаның мұндай үрдісті базалық мөлшерлеменің көтерілуімен байланыстырады. Қазан айының басында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5-тен 18 пайызға дейін өсірді, нәтижесінде бірнеше банк ипотека беруді уақытша тоқтатты.
———————————————